×

Көлігі Шерзат жерленген жердің жанынан табылған: адвокат оқиғаға қатысты пікір білдірді

Көлігінің есігі ашық, телефоны сөндірулі болған

Көлігі Шерзат жерленген жердің жанынан табылған: адвокат оқиғаға қатысты пікір білдірді
Видеодан скриншот

9 желтоқсанда Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Марқұмның 4 қазанда қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Болаттың ағасы екені анықталды. Оқиғаға қатысты адвокат Марал Жайлаубаева пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Оның айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесін Шерзат Болаттың моласының маңынан туыстары тапқан.

Көлігінің есігі ашық, телефоны сөндірулі болған.

Ал марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов Азаттыққа берген пікірінде інісінің өз-өзіне қол жұмсағанына сенбейтінін айтты.

«Төменге барып, отырып өліп қалған. Үй жақта да осындай ағаштар жетеді ғой. Бұл жерден төмен қарай 7-8 метр шығады. Бұл жерден сау адам түсе алмайды. Мынадан түсетін болсаң, аяғың сынады», – дейді Нұрымов.

Сондай-ақ Нұрымов желіде тараған хабарламаның өзіне жазылғанын растады.

«Маған жазған. Бүгін құпия тергеу жүргізілетін болған соң, ешқайда жібермейміз деп айтқан», – дейді ол.

Қаржаубай Нұрымов "інісін суицид жасауға итермеледі" деп санайды.

«Нұрғанат өлетіндей бала емес еді. Інімнің өліміне қатысты әділ тергеу жүруі керек деп ойлаймын», – дейді Нұрымов.

Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының шетінен қаза тапқан 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан
Кеше, 15:06

SCAT әуе компаниясының жолаушылар ұшағы құспен соқтығысқан

Оқиғаға қатысты компания өкілдері пікір білдірді
Оны тоқтаусыз ұрып-соғу денсаулығын нашарлатып, жүрек ауруына ұшыратқан
Жағдайға байланысты тұрғындар әкімдікке арыз-шағымын жеткізген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →