×

Полиция түсініктеме берді: Шерзат Полаттың ағасының қайтыс болған көлігінен түсірілген видео тарады

Мұқият тексеруден кейін автокөлік жақын туыстарына берілген

Полиция түсініктеме берді: Шерзат Полаттың ағасының қайтыс болған көлігінен түсірілген видео тарады
Сурет: Бейнеден кадр

 Шерзат Болаттың ағасының денесі табылған жердегі көлікте түсірілген видеоға қатысты Алматы облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Тараған бейнежазбада марқұмның көлігі көрсетілген. Полиция барлығы заң аясында болғанын айтты.

"Автокөлікті марқұмның денесі табылған жерден алыс емес мекеннен 30 жастағы азаматтың туыстары анықтады. Полиция қызметкерлері хабарламаны алғаннан кейін бірден оқиға орнына жетті. Тәртіп сақшылары белгіленген тәртіппен тиісті тергеу амалдарын жүргізді, оның ішінде көлікті мұқият тексеріліп, автокөлік жақын туыстарына берілді", – деп хабарлады полиция департаменті.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмысты жалғастырып жатқанын хабарлады.

Еске салайық, осыған дейін  марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрқанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Бүгін, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →