×

Шерзат Болаттың әкесі ұсталды

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан

Шерзат Болаттың әкесі ұсталды
Qaz365.kz

Бұл туралы Алматы облысының полияциясы ақпарат таратты, деп хабарлайды Qaz365.kz

«Бүгін сағат 15:30-да Азат ауылында жерлеу рәсімін өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен айналасындағылардың, оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірген оқиға орын алды. Қаржаубай Нұрымов прокурордың заңдылықты сақтау туралы түсіндірмелерін елеместен, өзін өте агрессивті ұстай бастады, айналасындағыларға қауіп төндіріп, суицид жасаймын деп қорқытты. Сондай-ақ, полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады. Оның мінез-құлқы өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндірді», - делінген хабарламада.

Полиция мәліметінше, Қаржаубайдың жағдайына алаңдаған туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша оның өмірі мен айналасындағылардың өміріне зиян келтірмеу мақсатында полиция қызметкерлері оны ұстау үшін шаралар қабылдаған.

«Нұрымов ең аз қажеттілік күшпен құрықталды. Қазіргі уақытта ол полиция бөліміне жеткізілді, онымен психологтар жұмыс істеп жатыр. Полиция жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмысты жалғастыруда және азаматтарды сабырлы болуға шақырады», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы қауесетке жауап берді
Кеше, 21:41

“Ауруханаға емес бөлімшеге апарған“. Алматы полициясы жасөспірімнің қазасы туралы қауесетке жауап берді

Қаза тапқандар бірінің туыстары жасөспірімді жарақатымен ауруханаға емес, полиция басқармасына апарғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →