×

Қанат Бозымбаев ұшақ апаты кезінде адамдардың денесін ашық көрсеткендерді айыптады

Алайда Премьер-министрдің орынбасары қай басылымды меңзегенін айтпады

Қанат Бозымбаев ұшақ апаты кезінде адамдардың денесін ашық көрсеткендерді айыптады
Видеокадр

Қанат Бозымбаев ұшақ апаты кезінде адамдардың денесін ашық көрсеткендерді айыптады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алайда Премьер-министрдің орынбасары қай басылымды меңзегенін айтпады.

Вице-премьердің айтуынша, ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін денелердің фрагменттері бар бейнежазбалар желіге тарап кеткен.

– Мен әлеуметтік желіні қарап отырып, қатты наразы болдым. Біздің танымал басылымдарымыздың бірі трагедия орнында денелердің шашылып жатқанын көрсеткен бейнені жариялады. Өтініш, этиканы ұстаныңыз, өйткені бұл қайғыны бастан өткерген туыстары мен жақындары көруі мүмкін. Кейбір журналистер денелердің фрагменттерін көрсету арқылы хайппен ақша тапқысы келеді – ол денелер өртенген, бүлінген. Әрине, сіз қаралымды көбейтресіз, бірақ марқұмдардың мыңдаған туысы мен жақындарының құқықтары мен психикасын құрметтеңіз. Менің ойымша, біз бұл мәселемен ертеңнен-ақ айналысатын шығармыз және мұндай басылымдарға құқықтық баға беріледі, – деді вице-премьер.

Еске сала кетейік, кеше Ақтау маңында Әзербайжанның ұшағы апатқа ұшыраған еді. Шетел азаматтарымен бірге Қазақстанның бес азаматы опат болды. Олардың тізімін ТЖМ жариялады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты
Бүгін, 13:15

«Үнемі күлімдеп жүретін». Журналист Мысырда көз жұмған қазақстандық туралы айтты

Марқұм көп жыл құқық қорғау органдарында қызмет еткен.
Акробат қыз бас жарақатымен және мидың шайқалуы диагнозымен ауруханаға жатқызылды
Кеше кешке АН-2 ұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонғаны туралы хабарлама келіп түскен
Шарм-эль-Шейх әуежайында күту кезінде қазақстандықтардың үстіне жарнама тақтасы құлады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →