×

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың екеуі мұнайшылар

Олар  «ҚазМұнайГаз» компаниясының еншілес және мердігер ұйымында қызмет еткен

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың екеуі мұнайшылар
Сурет: Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұшақ апатынан қайтыс болғандар арасында «ҚазМұнайГаз» компаниясының 2 қызметкері бар болып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» компаниясы мәлімдеме жасады.Олар компанияның еншілес және мердігер ұйымында қызмет еткен.

«Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз. Олар:

  • Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы –   «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі.
  • Төлесінов Сәндібек Екібайұлы –  «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері», –  делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз Ақтауда ұшақ апатынан қаза болған қазақстандықтардың екеуі бір отбасы мүшелері, анасы мен баласы екенін жазған болатынбыз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
Кеше, 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →