Ұшақта 62 адам болған
Кеше Ақтауда апатқа ұшыраған Әзербайжан авиакомпаниясының ұшағын ресейлік "жер-әуе" зымыраны атып түсірді, деп жазады Euronews Әзірбайжан Үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасап.
Дереккөз зымыран ұшақты Грозныйға қонуға тырысқанда атты деп мәлімдеді, сол кезде олар дрондардың шабуылына тойтарыс берген. Зымыран ұшақтың жанында жарылып, оның сынықтары әуе кемесіне зақым келтірген.
Euronews дереккөздерге сілтеме жасай отырып, зақымдалған ұшаққа ұшқыштардың апаттық қонуы туралы өтінішіне қарамастан Ресей әуежайларының ешқайсысына қонуға рұқсат етілмегенін және оған Каспий теңізі арқылы Қазақстандағы Ақтау бағытында ұшуға бұйрық берілгенін хабарлайды.