×

Маңғыстау халқы апаттан зардап шеккен Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда

Маңғыстау халқы апаттан зардап шеккен Әзербайжан азаматтарын еліне шығарып салды
Фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұшақ апатынан зардап шеккен әзірбайжандық 14 азамат пен Ақтауға келген Әзірбайжан делегациясының 20 мүшесі өз елдеріне аттанды. Оның ішінде аман қалған 2 бортсерік пен 1 бала бар. Олар ауруханада қажетті ем алып, жағдайлары тұрақталған соң Бакуге жөнелтілді, деп хабарлайлы Qaz365.kz порталы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендерді шығарып салуға Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ел ақсақалдары, жастар және қоғам өкілдері қатысты. 

Маңғыстаулықтар бауырлас елге жылы тілектерін білдіріп, қолдау білдірді.

Қазіргі таңда Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында 6 науқас ем алуда. Оның ішінде 4 адамның жағдайы ауыр, 2 адамның жағдайы орташа. Жарақат алғандарға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Айта кетейік, апат себебін анықтау мақсатында Ақтауда Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың басқаруымен Үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккендерге мемлекет тарапынан барлық қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды
Кеше, 14:07

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні болды

Қар көшкіні жолды жауып тастаған
Қалған қыздар видеоға түсіріп, жанжалды тамашалап тұр.
Жәбірленушілер арасында Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар
Қызылордада алғаш рет бауыр ауыстыру отасы жасалып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →