×

Астанада көше ортасында микроавтобус өртенді

Құтқарушылар автокөлікті үнемі техникалық тексеруден өткізуді ескертіп отыр

Астанада көше ортасында микроавтобус өртенді
Сурет: Бейнеден кадр

Бүгін Астана қаласы Есіл ауданында көше ортасында микроавтобус өртенді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Есіл аудандық ТЖД мәлімдеді.

“Бүгін Астана қ. Есіл ауданында Ұлы дала даңғылы мен Түркістан көшесінің қиылысында микроавтобус жанды. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар өртті толықтай жануын 9 минутта сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Құтқарушылар автокөлікті үнемі техникалық тексеруден өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады. Әсіресе қыс мезгілінде, көліктің электр жүйесіне түсетін жүктеме артатын уақытта, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертіп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды
Бүгін, 11:29

Жетісу облысында пәтер тонаушы топ құрықталды

Желтоқсан – наурыз аралығында облыс аумағында 13 қылмыс жасаған
Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген Талғар қаласындағы Шерзаттың қайтыс болуына байланысты «Қамажай» дүкеніндегі оқиға қайталана жаздады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →