×

Жамбыл облысында оқушыны кастетпен ұрып өлтіргендер сотталды

Жамбыл облысында оқушыны кастетпен ұрып өлтіргендер сотталды
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында екі жасөспірім мектеп оқушысын өлтіргені үшін сотталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, кәмелетке толмаған екі жасөспірім мектеп оқушысын өлтіргені үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған. Сот үкіміне сәйкес, басты айыпталушы Б.-ға қылмыстық әрекеттердің бастамашысы ретінде 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ал екінші айыпталушы С. 9 жылға сотталды.

Тергеу материалдарына сүйенсек, оқиға 2024 жылдың мамыр айында Меркі ауданында болған. Жасөспірімдер арасында туындаған жанжал барысында олардың бірі екіншісінің нұсқауымен жәбірленушінің басынан металл кастетпен соққы жасап, қашып кеткен. Ауыр жарақат алған оқушы оқиға орнында көз жұмды.

Сотталғандар кінәсін ішінара мойындады. Сонымен қатар, сот олардың заңды өкілдерін жәбірленуші тарапқа 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →