×

Шығыс Қазақстанда әйелі мен күйеуін үйінде өлтіріп кеткен

Полиция мәлімет берді

Шығыс Қазақстанда әйелі мен күйеуін үйінде өлтіріп кеткен
Фото: polisia.kz

Риддер қаласында қаскөй ерлі-зайыптыны пышақпен өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаладағы пәтерлердің бірінде екі адамның мәйіті табылған.

Белгілі болғандай, әйелі мен күйеуін өз үйлерінде пышақтап, өлтіріп кеткен. Күдіктінің кім екені анықталды. Марқұмдардың артында кәмелетке толмаған екі бала қалды.

“Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Істің тергелуі департамент басшылығының жеке бақылауында. Өзге ақпаратты жария етуге заң бойынша тыйым салынған”, – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Кеше, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →