×

Ақтауда сот төрағасы сотталды

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Ақтауда сот төрағасы сотталды
Фото: gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметіне сәйкес, Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Б.Ж. Шайдуллин 9 жылға және жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған
Бүгін, 16:54

Шерзат сотынан кейін Абзал Шынасыл әйнекті сындырып, адвокатқа қарай ұмтылған

Оның айтуынша, сотталушылар қысым көрсетіп, жағдайды ушықтыруға тырысқан.
Қорғаныс министрлігі азаматтардан сабыр сақтауды және расталмаған ақпарат таратпауды өтінді.
Шерзат Болат ісі бойынша барлығы 9 адам жауапқа тартылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →