×

Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен

Күдіктілер қамауға алынды

Ақтөбеде шетелдік азаматтар кәсіпкердің пәтерін тонап кеткен
polisia.kz

15 шілдеде белгісіз тұлғалар кілтпен ашу арқылы Ақтөбе қаласында пәтерге заңсыз кіріп, сейфтен ірі көлемдегі ақшаны жасырын ұрлаған. Ұрлық салдарынан 46 жастағы кәсіпкерге 60 миллион теңге көлемінде мүліктік шығын келген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері істің ізін суытпай 38 жастағы шетелдік азаматты ұстады. Оның жалдамалы пәтерінен ұрланған ақшаның бір бөлігі алынды.

«Сонымен қатар жасалған қылмыстан кейін оңтүстік өңірдегі шекара арқылы бой тасалағысы келген 34 жастағы шетелдік азаматты Сарыағаш ауданы полиция басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Одан да ірі көлемде ақша қаражаты алынды. Күдіктілер жасаған қылмысын мойындады. Қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты
Кеше, 19:55

Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты

Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар
Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →