×

«Жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған»: Шымкентте атыс болды

Полиция күдіктіні анықтады

«Жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған»: Шымкентте атыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте Жібек жолы көшесі бойындағы «Люкс» моншасының алдында атыс болды. Оқиға кеше, 27 ақпан күні кешкі сағат 8-ден шамасында орын алған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, жанжал кезінде жас жігіт қарсыласына оқ жаудырған. Жәбірленуші дереу ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнынан атыс қаруының гильзалары табылған. Болжам бойынша оқ травматикалық тапаншадан атылған.

Полиция күдіктіні анықтады.

«Бұл факті бойынша Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. ҚР ҚІЖК - нің 201-бабы шеңберіндегі өзге де ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деп хабарлады полиция.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →