×

«Декларация тапсыруды сылтауратып шақырған»: Салық қызметкері алаяқтық жасаған

Салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды алдаған

«Декларация тапсыруды сылтауратып шақырған»: Салық қызметкері алаяқтық жасаған
Фото: ашық дереккөзден

Салық органының қызметкері жасаған 5 интернет-алаяқтық әшкере болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, салық органының қызметкері қарапайым азаматтарды декларация тапсыру қажеттігін сылтауратып шақырып, олардың жеке және биометриялық (адамның бет-әлпетін сәйкестендіру) деректерін өзінің ұялы телефонына түсіріп, онлайн түрде жәбірленушілерге микро-несие рәсімдеп, өзінің шоттарына аударған.

«Прокуратураның нұсқауларын орындау барысында алаяқ анықталып, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша («Алаяқтық») қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сондықтан, облыс прокуратурасы азаматтарды барлық ақпараттарды жан-жақты тексеріп, бейтаныс адамдардың онлайн режимінде түрлі қаржылық операцияларын жүргізу туралы ұсыныстарына сыни тұрғыда қарау қажет», – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұған дейін полиция оларға іздеу жариялаған еді
Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 млн теңгеден асады
Ине баланың ас қорыту жолы арқылы емес, бауыр тұсынан енгені анықталған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →