×

Құлсарыда қауіп әлі сейілген жоқ: қалаға премьер Бектенов барды

Өз кезегінде тұрғындар мен волонтерлер тұрғын үй секторын су басуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр

Құлсарыда қауіп әлі сейілген жоқ: қалаға премьер Бектенов барды

Құлсарыда қауіп әлі сейілмегенін жергілікті тұрғындар әлеуметтік желідегі видеолар арқылы таратып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, Құлсарыдан көшірілген адам саны 30 мыңға таяған. Ал су кеткен үйдер мен инфрақұрылымдық нысандар саны үш мыңға жуықтаған.

Құлсарыға Премьер-министр Олжас Бектенов барған. Құлсарыдағы су тасқыны жағдайын тексеріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берген. Ол су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі. Атырау облысындағы ағымдағы жағдайды тексеріп, аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қараған.

Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берген. Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысқан.

Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр. 

Бүгінде Қызылқоға ауданындағы Миялы, Аққора, Жангелдин, Жасқайрат және Көздіқара ауылдарында қауіп-қатер сейілген. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы жағынан Жем өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласын су басқан. 

28 551 адам эвакуацияланған. 

Өңірде келетін су азайту көлемін азайту үшін Жем өзенінің сағасы үш жағынан қазылды, сондай-ақ Жем өзенінің бойында орналасқан жасанды бөгеттер бұзылды. Бұл өзен арнасының бағытын өзгертуге және судың кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге, оның Каспий теңізіне қарай өткізу қабілетін ұлғайтуға және су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде тұрғындар мен волонтерлер тұрғын үй секторын су басуына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. 

Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығы Қаһарман Оразалин кеше су тасқынан зардап шеккендердің дерегін жариялаған.

«Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке тұрғын үй, 1059 саяжай үйі, түрлі мақсатта қолданылатын 79 ғимарат су астында қалып отыр. Жалпы күшпен 63 927 адам құтқарылды және эвакуацияланды, оның ішінде 45 мүмкіндігі шектеулі адам және 15 283 бала бар», - дейді Қаһарман Оразалин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты
Кеше, 19:55

Астанаға өңшең намыссыз қазақтар жиналады — Парламент депутаты

Депутаттың тіл тақырыбында бұлай өткір жазуының жөні бар
Аталған жағдайға Алматы қаласы полициясы түсініктеме берді
Қазақстанда мұндай санатта 13 түзету колониясы бар
Әйел адам өзінің экс-жұбайы бұрын кәсіби спортшы болғанын айтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →