×

«Қазақстандық Робин Гуд»: Бетперде киіп жақсылық жасап жүрген жігіт су тасқынына 1 млн доллар аудармақ

Қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланды

«Қазақстандық Робин Гуд»: Бетперде киіп жақсылық жасап жүрген жігіт су тасқынына 1 млн доллар аудармақ
Ашық дереккөзден

«Қазақстандық Робин Гуд» аталып кеткен бетперде киіп, елге жақсылық жасап жүретін жігіт су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға 1 миллион доллар аудармақ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Біз ең ауқымды көктемгі су тасқынына тап болдық. Еліміздің 10 өңірінде төтенше жағдай жарияланды. Дәл қазіргі таңда 108 мың адам эвуакацияланды. 5000-нан астам үй судың астында қалды. 8000-нан үй жануарлары өлді. Қазіргі таңда су тасқынының екінші толқынына дайындалып жатырмыз. Осыған байланысты зардап шеккендерге 1 миллион доллар аударамыз. Бұл 450 миллион теңге.  Еріктілерге, гуманитарлық көмек көрсетіп жатқан азаматтарға алғыс білдіреміз. Бірігіп, бұл қиындықты жеңеміз», - дейді бетперде киген жігіт.

Айта кетейік, бетперде киген жігіт соңғы жылдары көптеген азаматтарға жақсылық жасап жүр. Жақында еден жуып жүрген әйелге пәтер сыйлаған еді. 

Еске салайық, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақмола облысында подполковник есірткі сатумен айналысқан
Кеше, 13:11

Ақмола облысында подполковник есірткі сатумен айналысқан

Оның мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →