×

Ақмола облысында подполковник есірткі сатумен айналысқан

Оның мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды

Ақмола облысында подполковник есірткі сатумен айналысқан
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысында подполковник есірткі сатып келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қазақстан әскери сотының мәліметінше, подполковниктің мәселесі Ақмола гарнизонының әскери сотында қаралды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Сотталушы подполковник М-ны полиция қызметкерлері ұстады. Ол тұрғын үйлердің терезелеріндегі металл торларға «хэш майы» есірткі заты бар пластикалық колбаларды магниттермен бекітіп жатқанда ұсталды», - дейді ведомство.

Жеке тінту кезінде салмағы 23,62 грамм «хэш майы» есірткі заты бар 34 колба мен 7 шприц тәркіленген.

«Сот үкімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол әскери атағынан айырылды», – дейді әскери сот.

Жәбірленушілердің өтемақы қорына 69 000 теңге мөлшерінде мәжбүрлеп төлем өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады
02.07.2025ж. 10:46

«Ресей қасақана бұйрық берген». Капитанның хаты тарады

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →