×

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды

Олар бірнеше пәтер тонауға қатысқан

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан күдіктілер ұсталды
Фото: istockphoto.com

Криминалдық полицияның мәліметінше, Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген екі адам бірнеше пәтер тонауға қатысқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жедел уәкілдердің айтуынша, тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде төрт пәтер тонауына қатысы бар екендігі белгілі болды.

«Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді. Күдіктілер «Құлагер» шағын ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден шыға берісте ұсталды, олар бөтен адамның жиған-тергені мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Екі күдіктіақамауға алынды. Олардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде», - деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →