×

Германияда жоғалған қазақстандық экс-судьяның мәйіті табылды

Майндағы Франкфурт қаласында туыстары Айгүлдің жоғалып кеткенін 2024 жылдың 3 маусымда хабарлаған

Германияда жоғалған қазақстандық экс-судьяның мәйіті табылды
Фото: instagram.com/podslushano.de

Германияда жоғалған қазақстандық судьяның денесі табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұған дейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстан азаматтары туысының жоғалып кеткені жөнінде арыз түсіргенін айтқан. Bild басылымы ол кезде жоғалған Айгүл Сайлыбаеваның денесі Бенсхайм қаласының шетінен табылғанын хабарлады. 
Майндағы Франкфурт қаласында туыстары Айгүлдің жоғалып кеткенін 2024 жылдың 3 маусымда хабарлаған. 

Bild басылымы дененің пластикалық қапта болғанын, әйел көз жұмғанға дейін зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жазады. 

«Бүгінгі таңда 35 тергеуші бұл істе жұмыс істеп жатыр. Әйелдің үйінде тінту жүргізілді», - деп жазды басылым.

Айгүл Сайлыбаевамен бір мезгілде оның қайын енесі Наталья Донцова жоғалып кеткен. 4 маусымда ол немересін балабақшадан алып, үйіне әкелген. Содан бері оны ешкім көрмеген.

Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.

Instagram-дағы жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды
Бүгін, 15:24

Алматыда мопед ұрлаған күдікті жол үстінде ұсталды

Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған
Ол Аягөз гарнизонына қарасты әскери бөлімде ант қабылдаған
Абырой болғанда, ол аман қалды. 
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мектеп түлегінің соққыға жығылғанын растады.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →