×

«Ресейліктерге екі есе көп төлейміз»: ЦентрКредит банкі қазақстандықтардың наразылығына тап болды

Бұл жағдай қазақстандықтардың ашуын туғызды

«Ресейліктерге екі есе көп төлейміз»: ЦентрКредит банкі қазақстандықтардың наразылығына тап болды
Фото: БЦК

Әлеуметтік желіде жарияланған ЦентрКредит банкінің бос жұмыс орындары туралы хабарламасында қазақстандықтарға қарағанда ресейлік мамандарға екі есе көп жалақы берілетіні жазылған. Аталған хабарлама желі қолданушыларының наразылығын тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

LinkedIn-де жарияланған мәліметке сәйкес, мердігер компания ЦентрКредит банкіне IT-маман іздейтіні туралы жазған. 

«Golang, Middle деңгейінде жұмыс істейтін ірі қазақстандық банкке арналған маман іздейміз.  Валютамен төлем: Қазақстан азаматтары үшін күніне 76 доллар, Ресей азаматтары үшін күніне 139 доллар», – делінген хабарландыруда.

Бұл жағдай қазақстандықтардың ашуын туғызып, көптеген пікірлер жазылды. Ал банк аутсорсинг жағдайында әртүрлі компаниялармен жұмыс істейтінін айтып, жалақы туралы ақпараттан бейхабар екенін айтып ақталды. 

«Банк кемсітушіліктің кез келген түріне жол берілмеуі керек деп санайды. Банк бұл жағдай бойынша тексеру жүргізді, себебі жалақы мөлшерлемесін бөлу мердігер компанияның бастамасы болып табылады, ол туралы бізге хабарын бермеді. Осы компаниямен шартты бұзу процесін бастау туралы шешім қабылданды. Біз болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін тиісті шараларды қабылдаймыз және жалпы аутсорсингпен жұмыс істеу тәсілін өзгертеміз», - делінген банк хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Ер адамға қатысты іс екі түрлі баппен қозғалған
Көше мен ескерткіш тақтаның ашылуы 2024 жылдың 21 қарашасында өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →