×

Министр мәлімдемесімен келісе алмаймыз – Риддер қаласының тұрғындары

Кейбір қалаларда ЖЭО жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатқанын айтылған

Министр мәлімдемесімен келісе алмаймыз – Риддер қаласының тұрғындары
Фото: primeminister.kz

Күні кеше Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев кейбір қалаларда ЖЭО жөндеу жұмыстары кешеуілдеп жатқанын айтып өткен. Аталмыш тізімнің ішінде Риддер қаласындағы ЖЭО болып шыққан. Министрдің мәліметінше, ағымдағы жылу маусымына дайындық барысына кедергі келтіруі мүмкін, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл мәлімдеме риддерлерліктердің арасында наразылық туыдырып отыр. Айтуларыншақысқы мерзімде қалаға министрдің өзі де, орынбасарлары келіп, жағдаймен таныспағандықтан, бұл мәлімдемелері орынсыз.

Энергетика министрі соңғы рет өткен жылдың шілдесінде Риддер қаласына жұмыс сапарымен келгенде, ЖЭО-да жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысқан. Сол уақытта жөндеу жұмыстары келер жылу маусымына аяқталып үлгермейтіндігіне қатысты пікірін білдірген. Алайда, мердігер компания барлық міндеттерін уақытында орындап шығып, өткен жылу мерізімде ЖЭО-да ешқандай төтенше жағдай тіркелмеді. Тек, техникалық бірер ақаулар тіркелген. Бұл жайлы Алмасадам Сәтқалиевтің өзі де өткен жылдың желтоқсан айында өткен Үкімет отырысында айтқан болатын.

Риддер ЖЭО қызметкерлерінің айтуынша, бүгінде қалада 19 шақырымға жуық жылу желілерін қайта құру, сондай-ақ ЖЭО-да жылу жабдықтарын ауыстыру және баптау жұмыстары жүргізілуде. Жылу орталығының қызметкерлері Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің нысанға бармай-ақ, ЖЭО-ның жылыту маусымына дайындығы туралы кесіп айтқанына таң қалды.

- Өткен жылы біз барлық алты қазандықты ауыстыру бойынша бірқатар жұмыс жасадық. Тәулік бойы 500-ден астам адам жөндеу жұмыстарын істеді. Алдымызға нысанды мерзімінде тапсыру, қолданысқа беру және қаланы жылумен қамтамасыз ету міндеті қойылды. Айта кету керек, жұмыс кестесі іс жүзінде 100% орындалды. Тұрғындар да менің сөздерімді растай алады. Қыста қазандықтың үйді жылытуына көңілі толмаған тұрғын жоқтың қасы. Біздің жұмысымыз жоғарыдағы тұлғалармен бағаланбағаны, әрине өкінішті. Бұл ақпаратты кім, қалай жеткізгенін және оны қалай қабылдағанын білмейміз, - дейді Риддер ЖЭО станциясының кезекші инженері Марат Әбубаев.

Қала тұрғындары да Энергетика министрінің сөзіне наразы. Өткен 2022-2023 маусымында қазандықтың әлсіз қуатына байланысты тұрғындардың пәтерлері айтарлықтай салқын болғаны рас. Алайда өткен қысқы жылыту кезеңінде түгел дерлік үйлер маусым бойы жылуын сақтады. Негізінен, температураның төмендеуі жылу маусымында қосымша шығынын болдырмау үшін алдын-ала дайындық жүргізбеген тұрғындарда меншік иелерінде және кооперативтегі пәтер иелерінде тіркелген. Бұл жағдайда да температуралық фонның ауытқуы дер кезінде жойылды. Оған мысал, қазандықты пайдаланатын кей тұрғындар "дәрежені көтеру" немесе сорғыларды орнату үшін суды төгіп тастаған сынды тәртіп бұзушылықтарды еске түсіру жеткілікті.

- Биылғы қыстан өте жайлы шықтық. Үйіміздегі барлық көтергіштер ауыстырылып, оқшаулап, үйді қысқа сақадай сай қылып жұмыстар жүргізілген. Ал бұл мәселеге мән бермей, мәлімдеме бергендер, жеткілікті жылулықты сезінбеген де шығар. Дегенмен бұл әрине әрбір тұрғынның жауапкершілігінде, - деді риддерлік бұрыңғы энергетик маманы Раиса Лебедева.

Жерлесінің сөзін Риддер қаласы, Абай даңғылында орналасқан 70-үйдің тұрғыны Лариса Мокина да қостады. Оның айтуынша, биыл үйдің жылу көрсеткішіне дән риза.

Сондай-ақ Риддер қаласындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ольга Корытко да өткен жылу маусымына қатысты өз пікірін білдірді.

- Біз Министр мырзаның биыл қыста риддерліктер өз пәтерлерінде тоңып жатқаны туралы мәлімдемесін естіп жағамызды ұстап, сөздеріне реніш білдіргеніміз рас. Әсте жағдай мүлде Сіз ойлағандай болмады. Жылу электр орталығы үзіліссіз жұмыс істеді. Біз кәсіпорынның өзінде бірнеше рет болып, ондағы жұмыс барысын өз көзімізбен көріп қайтқанбыз, - деп атап өтті Ольга Корытко.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Риддер ЖЭО және қаланың жылу желілерін жөндеуге 8,5 миллиард теңге бөлініп, жоспарланған жұмыстар кестеге сай жүргізілуде. Және Энергетика министрінің “Моноқалада жылу маусымы уақытында бастала ма?” деген күдігін қандай дәлелмен негіздеп отырғаны мүлде түсініксіз. Министр мырзаға кеңселерінен жиі шыға қоймайтын әріптестерінің негізсіз  мәліметіне мән бергенше, жағдайды өз көзімен көру үшін Риддерге жиі келіп тұрғаны жөн болар.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Астанада ер адам терезеден құлап бақилық болды
Кеше, 15:00

Астанада ер адам терезеден құлап бақилық болды

Ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →