×

Қызылорда облысында екі полицей ұсталды

Қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді

Қызылорда облысында екі полицей ұсталды
Фото: polisia.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті Қармақшы аудандық полиция бөлімінің екі қызметкерін ұстады. Бұл туралы Қызылорда облыстық прокуратурасынан мәлім етті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Департамент мамандары 19 маусымда сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі миграция қызметінің маманы Т.Н мен полицияның учаскелік инспекторы Ж.К-ні қолға түсірді.

21 маусымда тергеу соты күдіктілерге қатысты үй қамағына алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берген.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қармақшы аудандық сотының қарауына ұсынылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де деректер жария етуге жатпайды», - деді Қызылорда облыстық прокуратурасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді
Бүгін, 09:29

Алматы әуежайында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. 
Борт командирі жолаушылардың қауіпсіздігі үшін ұшақпен кері қайту дұрыс деп шешкен
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткені үшін

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →