×

Астана сотында Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралады

Сот процессі әлі де жалғасып жатыр

Астана сотында Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралады
Фото: nurtasadambay/Instagram

Қазақстандық актер, шоумен Нұртас Адамбайға қатысты іс Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңды бұзғаны үшін сотқа тартылды.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сәйкес, істі Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты қарап жатыр.

Нұртас Адамбайға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы, 1-бөлігі, 4-тармағы бойынша, яғни «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын» бұзғаны үшін айыпталып жатыр. Бұл бап ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салуға, үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеуге (функционалдық мақсатын өзгертуге) қойылатын талаптарды бұзуға қатысты.

Мұндай әрекет үшін жеке тұлғаларға – 50 АЕК (185 мың теңге), заңды тұлғаларға – 200 АЕК (738 мың теңге) айыппұл төлеу жазасы тағайындалады.

Айта кетейік, сот процессі әлі де жалғасып жатыр. Бастапқы да процесс қазақ тілінде жүргізілген. Кейіннен Нұртас Адамбайдың өтінішіне сәйкес, орыс тілінде жүргізу туралы қаулы шыққан. Сот процессі 1 тамызда жалғасады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →