×

Оралда әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Тергеу жүргізіліп жатыр

Оралда әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Оралда полиция қызметкерлері әйелді өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қылмыскерді анықтауға оқиға орнында табылған саусақ ізі көмектесті. Оқиға болған жерді мұқият тексеру барысында криминалист маман үйден саусақ ізі қалған әйнек сынығын тауып тәркіледі.

Одан әрі деректер базасында бірдей саусақ ізін анықтау үшін салыстырмалы талдау жүргізілді. Тексеру барысында саусақ іздері кімге тиесілі екені анықталды. Ол қаза болған әйелмен көршілес тұрған Орал қаласының 28 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.

Сонымен қатар оқиға орнынан басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Биыл 4 қаңтарда Павлодар облысы Майқайың ауылындағы «Майқайың алтын» кенішінде құтқарушылар мінген автобус шұңқырға құлаған болатын

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →