×

Ақмола облысында бір отбасы түгелдей суға кетті

Қатты жел мен толқын салдарынан отбасы түгел суға батып кетті

Ақмола облысында бір отбасы түгелдей суға кетті
Фото: ашық дереккөзден

Ақмола облысының ТЖД мәліметінше, отбасы Астанадан Арнасай су қоймасына демалу үшін келген, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Олар шомылуға арналмаған жерге жайғасқан. Қызы суға батып бара жатқанын көрген әкесі мен ағасы оны құтқаруға секірген. Артынша анасы да құтқаруға бекінген. Алайда қатты жел мен толқын салдарынан отбасы түгел суға батып кетті.

“1980 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыздың денесін куәгерлер алып шыққан. 1977 жылғы және 2000 жылғы ер адамдардың денелерін іздестіруге Ақмола облысы мен Астана қаласының ТЖД қызметкерлері жұмылдырылған”, - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады
Кеше, 15:11

Тараздағы жеті қыз жабылып соққыға жыққан оқушының жақындары жалпақ жұрттан кешірім сұрады

Жәбірленушінің жақындары жалған ақпарат таратқанын айтып, бейнежазба түсірді
Ер адамның мәйіті Ақтөбедегі №38 мектеп маңындағы қоқыс алаңынан табылған
Сегіз баланың анасы орны толмас өкінішке ұшыратқан жағдай жайлы айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →