×

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды

ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды
Фото: Polisia.kz

ШҚО полицейлері 70 астам мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Polisia.kz мәліметінше, келтірілген шығын көлемі 47 млн теңгеден асып жығылады. Етті көбіне елдің оңтүстігінде саудалаған. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді жедел іздестіру іс-шаралары барысында анықтады.

«Топта төрт күдікті белсенді әрекет еткен. Мал басының бір бөлігі тәркіленді. Тергеу барысында олардың иесіз жылқыларды іздегені, кейін мал ұстау орындарына жеткізіп, ары қарай жүк көліктерімен басқа аймақтағы базарға тасымалданғаны анықталды.

Сонымен қатар ұсталғандардан атыс қаруының бірнеше түрі және 60 астам патрон тәркіленді. Олар бойынша сараптама тағайындалды», – делінген хабарламада.

Айыпталушылар соттың санкциясымен қамалды. Тергеу әрекеттері жалғасуда және олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты
Бүгін, 11:22

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусы аударылып, бес адам қаза тапты

11 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген
Полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →