×

«Бұларға өлісің бе, тірісің бе – бәрібір екен»: ашулы блогер Air Astana-ны сотқа бермек

Блогерді біраз адам қолдады

«Бұларға өлісің бе, тірісің бе – бәрібір екен»: ашулы блогер Air Astana-ны сотқа бермек
Фото: ашық дереккөзден

Блогер Алмас Тоқабаев Air Astana әуе компаниясын сотқа беретінін мәлімдеді. Бұл жайлы ол әлеуметтік желіге жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Ақтөбеден Астанаға дейін осы компанияның ұшағымен 13 тамыз 19:40 ұшуым керек болды. Ал 14 тамыз 08:50-де әйел, бала-шағамызбен Антальяға кетуіміз керек болды. Ол да Air Astana. Мінсіз жоспар еді, бірақ Қазақстанда тұрамыз ғой: Ақтөбеде алаңсыз отырғанда «Сіздің рейс 14 тамыз таңғы 08:40 ауыстырылады» дей салады ғой. Ал жанталас… Қоңырау шалдым. Бекер обалы не керек, (ештеңе шешпейтін) оператор қыз барынша сыпайы сөйлесіп: «Ештеңеге көмектесе алмайтынын, Анталья билетін 15 тамызға ауыстыру мүмкіндігі бар екенін айтты», - дейді ол.

Блогер көмектесе алмаса бастығына қосуын, Алматы арқылы ұшатын Скатқа билет алып беруін талап еткен. Оператор келіспеген. Бұл қоңырау ресми өтініш екенін айтқан. Бастықтары хабарласпаған.

«Мақұл, билетті өткізейін, дедім. Әуе компаниясының кінәсінен ғой енді. Қайтарды ма? Жоқ! Амал жоқ индрайвер шақырып, 15 сағат жол жүріп, пәленбай мың ақша беріп, рөлде үш адам кезек-кезек ауысып таңғы рейске үлгердім әйтеуір. Air Astana ше? Сол соқыр-мылқау қалпы. Өлі-тірің бәрібір оларға. Енді билетімді қайтаратын, индрайвер шығынын қайтаратын, моральдық өтемақы төлейтін, арыз жазуға көмектесетін заңгер іздеймін. Шыдамның да шегі бар», – дейді ол.

Блогерді көп адам қолдап жазды. Мәжіліс депутаты Абзал Құспан оған «жекеге нөмірін жіберуін, көп желіге шыққысы келмейтін мықты заңгерлер барын, соларға айтып, өзі де араласатынын» айтты. 

Екінші депутат Жанарбек Әшімжан аталған компанияны «жолаушылардың қанын теспей сорып жатқан компанияға айналды, рас» дейді.

«Әрине, түсінем, өзім де сондай жүйкені жұқартар жағдайға бірнеше рет түстім», – дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →