×

Қазақстан туралы қисынсыз мәлімдемелер жасаған Маргарита Симонян санкцияға ілінді

Шектулерге Симоняннан бөлек бірқатар тұлға ілінген

Қазақстан туралы қисынсыз мәлімдемелер жасаған Маргарита Симонян санкцияға ілінді
Фото: РБК

АҚШ қаржы министрлігі «Россия сегодня» медиа тобына және оның еншілес компанияларына – РИА Новости, RT, Ruptly және Sputnik-ке қарсы санкциялар салады. Бұл туралы ведомство сайтындағы хабарламада айтылған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Вашингтонның пайымдауынша, ресейлік БАҚ құрылымдары Америкадағы президенттік сайлауға ықпал етіп, сайлаушылардың АҚШ-тағы сайлау үдерістеріне сенімін түсіруге тырысады.

Сонымен қатар құжатта Ресейдің өзінің ақпараттық ресурстарының көмегімен Молдовадағы жағдайға ықпал ету, Украинадағы және бүкіл әлемдегі жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері туралы айтылады.

Шектеулерге RT бас редакторы Маргарита Симонян, оның орынбасарлары Елизавета Бродская, Андрей Кияшко және Антон Анисимов, RT цифрлық жобаларының менеджері Константин Калашников және медиа жобалар бөлімінің қызметкері Елена Афанасьева енген.

Өз кезегінде АҚШ Әділет министрлігі Калашников пен Афанасьеваға шетелдік агенттер және ақшаны жылыстату туралы заңды бұзды деген айып тағып отыр. Агенттік RT қызметкерлері ресейлік мүдделерді қорғайтын бейнероликтерді жариялау үшін шамамен 10 миллион доллар жұмсады деп санайды.

Америка заңдары бойынша Калашников пен Афанасьева 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Санкциялар кремльшіл RaHDit хакерлер тобы мен оның басшысы, ФСБ-ның бұрынғы офицері Алексей Геращенкоға, сондай-ақ «Диалог» автономды коммерциялық емес ұйымына (ANO) және оның жетекшісі Владимир Табакка да қатысты.

Сондай-ақ АҚШ Әділет министрлігі 32 интернет-доменді бұғаттағанын, басқалармен қатар, «Диалог» американдық азаматтарға ықпал ету үшін Ресей үкіметінің мүддесі үшін пайдаланғанын хабарлады. Тергеуді ФБР Филадельфиядағы кеңсесі жүргізеді.

Тергеушілердің айтуынша, ресейлік тарап Украинаға халықаралық қолдауды азайту, ресейшіл көзқарастарды күшейту және қарашада АҚШ-та өтетін президент сайлауы алдында сайлаушыларға ықпал ету мақсатында үгіт-насихат таратқан. Әділет департаменті бұл домендер «Доппельгангер операциясы» деп аталатын жалған ақпарат тарату науқанының бөлігі болды деп санайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті
Кеше, 15:20

Ақсай қаласында өрт шыққан үйдің терезесінен балалар секіріп кетті

Өрт 22 қараша күні таңертең Ақсай қаласының №19, 10 шағын аудандарында болған
Апат жылу жүйесіндегі айналымның бұзылуына байланысты болған
Апат жерасты жылу желісінде орын алған
Ол мас күйіндегі ер адам анасын ұрып-соғып, денесіне зақым келтірген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →