×

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Оқиға Алматы – Өскемен автожолының 239-шақырымында орын алған

Жетісу облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
didarmedia.kz

Жетісу облысында Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлігі жүк көлігімен соқтығысып үш адам ажал құшты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Toyota Camry маркалы жеңіл автокөлігі Алматы – Өскемен автожолының 239-шақырымында келе жатқан «Камаз» жүк көлігінің артқы тіркемесімен соқтығысқан.

Апат салдарынан жеңіл автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Тағы бір жолаушы медициналық жәрдем көрсету үшін аудандық ауруханаға жеткізілді. Жол апаты фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір барлық мән-жайды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген Жетісу облысы полиция департаментінің ақпаратында.

Өңір полициясы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды
Кеше, 17:00

Бұрынғы әйелін жұмысында әріптесінің көзінше өлтірген атыраулық сотталды

Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.
Балтамен басынан және денесінен бірнеше рет соққы алған бес баланың анасы мүгедек болып қалды. 
Оның мопед ұрлығының кем дегенде төрт эпизодына қатысы болған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →