×

Жер сілкісінен 257 сағат өткеннен кейін тағы бір әйел аман-есен табылды - видео

Екі баласы бар

Жер сілкісінен 257 сағат өткеннен кейін тағы бір әйел аман-есен табылды - видео
стоп-кадр

Зілзаладан кейін 257 сағат уақыт өткенде Кахраманмараштағы үйінділердің астынан Неслихан Кылыч есімді 29 жастағы әйел аман-есен табылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Haber Lütfen-ге сілтеме жасап. 

Эбрар аймағындағы үйінділерде құтқару жұмыстарын жүргізген мамандар  бір адамның аман қалғанын анықтады. Бар күштерін салып, 29 жастағы Неслихан Кылычты үйіндінінің астынан алып шықты.

Жас келіншек үйінді астынан шығарылған бойда жедел жәрдем көлігімен Кахраманмараштағы Сютчу университетінің медицина факультетінің ауруханасына жеткізілді.

«Құдай менің дұғаларымды қабыл етті. Жарты сағат бұрын қызымның сөмкесі шықты, артынан жарты сағат өткенде өзі де табылды. Оның күйеуі Сирияда болған, жақында келді. Екі және бес жаста екі баласы бар. Үйіндінің астында қалған барлық бауырымның құтқарылғанын қалаймын", - деді әкесі Жума Ялчинөз.

Еске сала кетейік, бұған дейін  жер сілкінісінен аман қалған Алейна Өлмездің үйінді астынан  шығарылғанын жазған едік

Соңғы деректерге сәйкес, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 38 мыңнан асты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →