×

Еліміздің 9 облысы көктемгі тасқын судан зардап шегуі мүмкін

Биыл көктемде су басу қаупі жоғары өңірлер аталды

Еліміздің 9 облысы көктемгі тасқын судан зардап шегуі мүмкін
Сурет: ТЖМ

Биыл көктемде су басу қаупі жоғары өңірлер белгілі болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы «Қазгидромет» талдау орталығы су басу қаупі жоғары өңірлерді атап өтті.

“Еліміздің 9 облысы көктемгі тасқын судан зардап шегуі мүмкін. Сараптама кезінде ауа райы, ылғал мөлшері, жердің беткі қабатының қату қалыңдығы ескерілді. Қауіп деңгейі 3 санатқа бөлінді. Батыс, Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстарында су тасқыны қаупі жоғары екені анықталды. Дегенмен бұл нақты болжам емес”, – делінген «Қазгидромет» ақпаратында.

Синоптиктер мәліметінше, ауа райына байланысты қауіпті аймақтар тізімі өзгеруі де мүмкін.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Алғашқы жылы Жапониядан Қазақстанға 5–7 мың турист келуі мүмкін.
Қала билігі тұрғындар мен қонақтардан қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →