×

Елордалық қыз желіде көпбалалы ер адаммен танысып, 90 миллион теңгеге алданып қалды

Алаяқтық жасаған күдікті анықталып, ұсталды

Елордалық қыз желіде көпбалалы ер адаммен танысып, 90 миллион теңгеге алданып қалды
dzen.ru

Елорда тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танысқан жігітке 90 миллион теңгеден аса ақша берген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана сотының сайтына сілтеме жасап.

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде ер адаммен танысқан. Хат алмасу кезінде ол оны өзінің сезіміне және банкроттық сатыдағы зауыт директоры екеніне, жақын туыстарының қайтыс болғанына, соның салдарынан ақшаға қатты мұқтаж екеніне сендірген.

Жәбірленуші белгілі бір уақыт ішінде онлайн аударымдар арқылы әртүрлі сомаларды аударған. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 91,6 миллион теңге.

Алаяқтық жасаған күдікті анықталып, ұсталды. Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Апелляциялық шағымда сотталушы тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған бес баласының, жұмыс істемейтін жұбайының болуын, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұраған.

Алайда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылып, ер адамға Қылмыстық кодекстің 52-бабына сәйкес үкім шығарылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Кеше, 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →