×

8 наурызға: Қазақстан – тегін қатынау, Түркіменстан – ақшалай сыйлық

Барлық қыздар мен әйелдерге 60 түрікмен манаты (бұл 7 464 теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі

8 наурызға: Қазақстан – тегін қатынау, Түркіменстан – ақшалай сыйлық
Ашық дереккөздерден

8 наурызға дейін ақтаулық қыз-келіншектер үшін қоғамдық көлік тегін болады, ал Түркіменстанда барлық ханымдарға ақшалай сыйлық беріледі, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Халықаралық әйелдер күніне орай Ақтаудағы барлық қыз-келіншектер қалалық қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл жеңілдікті № 2, 3, 4, 4М, 5, 7 және 8 бағыттар бойынша пайдалануға болады.

Қоғамдық көліктер әдеттегі кесте бойынша – сағат 06:40-тан 21:00-ге дейін жүреді. Мұндай шешім қалалық әкімдікте қабылданды. Айтпақшы, 19 наурыздағы сайлау күні мен Наурыз мейрамы күндері де тегін жол жүруге болатынына уәде етілген.

Сонымен қатар, Түркіменстанда Президент Сердар Бердімұхамедов елдегі қыздар мен әйелдерге 8 наурызда ақшалай төлемдер алатын Жарлыққа қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, 1-6 наурыз аралығында кез келген меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс істейтін барлық қыздар мен әйелдерге 60 түрікмен манаты (бұл 7 464 теңге) көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. Сонымен қатар, сыйлықты тапсыру міндетті түрде салтанатты жағдайда өтуі керек.

Сондай-ақ осындай ақшалай сыйлықтар мемлекеттік жәрдемақы немесе зейнетақы алатын, аспирантура мен докторантурада оқитын, студенттер, оқушы қыздар немесе балабақша тәрбиеленушілері болып табылатын нәзік жандарға да беріледі.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →