×

Алматыда ер адамды пышақтап кеткен

Күдікті ұсталды

Алматыда ер адамды пышақтап кеткен
Telegram/egovpress

Әлеуметтік желілерде 2023 жылғы 15 наурызға қараған түні "Самал-3" шағын ауданында ер адамды пышақтап кеткені туралы ақпарат тарады. Күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Egov.press Telegram арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, кісі өлімі балалар алаңында болған, марқұмның денесі тұрғын үйдің терезелерінің астындағы орындықтардың жанынан табылған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін мәлімдеді. Оны Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.

"Алдын ала мәлімет бойынша, алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. Күдікті – 2001 жылы туған Д. есімді азамат, ол "ізін суытпай" ұсталды", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қалалық полиция департаменті күдікті қамауға алынғанын атап өтті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Кеше, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →