×

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы жеке заң әзірленіп жатыр

Адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілген

Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы жеке заң әзірленіп жатыр
exclusive.kz

Бүгін Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке биылғы 10 айдағы криминогендік жағдай туралы есеп берілді. Министрдің мәліметі бойынша, кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған.

Мемлекет басшысына құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары, атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірлеу туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстың себептері мен қаржыландыру көздерін жоюға баса мән бере отырып, оларға қарсы күрес тәсілдерінің өзгергені жөнінде баяндалды.

Министрдің айтуынша, бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен  және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.

Полицейлер заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрлерін тәркіледі. 36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірткілерді жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды. Министрлік нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған Кешенді жоспар әзірлеп жатыр.

Сонымен қатар Президентке «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заң әзірленіп жатқаны туралы баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Бүгін, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →