×

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Видеодан кадр

Қарағанды облысының полицейлері "АрселорМиттал Теміртау" АҚ заңгерінің өліміне қатысты күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жүргізілген жедел тергеу іс-шараларының нәтижесінде 53 жастағы Шахтинск қаласы тұрғынының өліміне қатысы бар деген күдікпен аталған қаланың тұрғындары, 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел анықталып ұсталды.

“Қылмыстық оқиға жәбірленушінің кәсіби қызметімен байланысты емес. Айғақ заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды”, – деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин .

Бұл дерекке байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына "Адам өлтіру" сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау" заңгерінің денесі өрт шыққан пәтерден табылғаны хабарланған болатын. Оқиға орнында 1969 жылы туған әйел адамның денесі табылды. ТЖД өкілдері бес адамды эвакуациялады. Өрт 13.25 шамасында сөндіріліп, сағат 13.31-де толық сөндірілді.

Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растаған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →