×

Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды қадағалайтын жұмыс тобы құрылды

Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды
gov.kz

2022 жылы Маңғыстауда пайдаланылмай жатқан 356 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халықты жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында игерілмей жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару шаралары жүргізілуде. Өңір басшысының тапсырмасымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды қадағалайтын жұмыс тобы құрылды.

Алдын ала жүргізілген сараптама қорытындысы бойынша, облыста 973 мың гектар ауыл шаруашылығы жері анықталған. Оның 356 мың гектардан астамы мемлекет меншігіне қайтарылған.

Атап айтқанда, мыналар мемлекет меншігіне қайтарылды:

- Түпқараған ауданы – 85,3 га

- Мұнайлы ауданы – 26,09 га

- Бейнеу ауданы – 33,8 га

- Қарақия ауданы – 171,8 га

- Маңғыстау облысы – 39,6 га

- Жаңаөзен - 10 га.

Мониторинг нәтижесінде игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі "Сенек" ЖШС (288 946 га), "Таушық" ЖШС (247 633 га) және "Қарағантүбек" (212 192 га) жерлеріне тиесілі екені анықталды.

 

Тексеруден кейін "Сенек" ЖШС 168 946 гектар, "Таушық" ЖШС 70 мың гектар жерді өз еркімен мемлекетке қайтарды. Сонымен қатар жоспардан тыс тексеру туралы хабарламадан кейін жерінің жалпы көлемі 67 787 га болатын 85 жер пайдаланушы қолда бар малын ИСЖ базасына тіркеді.

"Мемлекеттік қорда 8 миллион 667 мың гектар жайылымдық жер бар. Өңірде ауыл тұрғындары босалқы жерлер, сондай-ақ жақын маңдағы ауыл шаруашылығы ұйымдарының есебінен мал жайылымымен қамтамасыз етілген. Елді мекендерді жайылымдық жерлермен қамтуда өткір проблемалар жоқ. Дегенмен елді мекендердің аумағын кеңейту арқылы қосымша жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазіргі таңда алыстағы жайылымдық жерлерді де ауыл шаруашылығы айналымына тарту, халыққа пайдалану мәселелері пысықталуда", – дейді Маңғыстау облысы жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қахарман Бағынов.

Барлық қайтарылған жерлер енді Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш министрлігі бірлесіп әзірлеген геосервисте көрсетіледі.

Интерактивті карта азаматтарға кез келген уақытта қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері бойынша мониторингті жүзеге асыруға мүмкіндік береді және осы учаскелерді алу мақсатында жергілікті атқарушы органдарға өтініш беру үшін бағдар болады. Бұл жылдар бойы пайдаланылмаған ауылшаруашылық жерлерін айналымға тартуға, сондай-ақ тұрғындарды ауыл шаруашылығы үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →