×

Жәбірленуші Жигули Дайрабаевтың ұлдары құлдықпен айналысты деп айыптады

Жәбірленуші Жигули Дайрабаевтың ұлдары құлдықпен айналысты деп айыптады

Жамбыл облысының 60 жастағы тұрғыны Василий Ковешников  Алматыдағы баспасөз мәслихатында Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаевтың ұлдары «құлдықта адам ұстағанын» айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл жерде әңгіме сәуір айында сотталған кәсіпкерлер Марат Дайрабаев пен Дидар Молдақалық туралы болып отыр.
Оның айтуынша, 2021 жылдың мамыр айында Жигули Дайрабаев Меркі қаласындағы досынан үй сатып алып, 30 000 теңге жалақыға ұлдарына жұмыс істеп тұруды ұсынған.  Ковешников бірнеше рет қашып кетпек болған, бірақ оның қашу әрекеті үнемі сәтсіз болған. Ең соңында Марат Дайрабаевтың соққысымен аяқталған.

«Қыста Дидар Молдақалықтың малын қарадым, жазда құлпынай алқабына жауапты болдым. Бір тиын алмадым, УАЗ-да тұрдым, «бичпакет» жедім. Марат мені екі рет ұрды, бір рет Дидардың үйінде, бір рет өз үйінде. Содан бір ай бойы тұра алмай жаттым, кеудем зақымдалды. Соңғы рет, сәтті қашып, Меркеге таңғы үште жаяу бардым, бірақ мейірімді адамдар кездесіп, маған көмектесті», – деді Василий Ковешников. 

Ол жеке куәлігінің алынбағанын, жұмыс орнынан кетуге болатынын, бірақ әлі де жалақы алатынына үміттенгенін мойындады. Ковешниковтың айтуынша, оның зейнетақы жинақтары мен күнкөріс қаражаты жоқ.

«Жигули Дайрабаевты білемін, ол маған ұялы телефон берді, бірақ баласы оны алып, талқандап тастады», – деп қосты Жамбыл облысының тұрғыны.

Айта кетейік, бұған дейін депутат Жигули Дайрабаевтың екі ұлы, атап айтқанда Марат Дайрабаев және Дидар Молдақалықтардың  субсидиялау қағидаларын бұзып, сатып алынған «Альбион»құлпынай көшеттерін жеке мақсаттарына пайдаланғаны анықталған болатын. 
Сот шешімімен Дайрабаевтың екі ұлының мүлкі тәркіленіп, басшылық лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылған. Сонымен қатар 5 жылға шартты түрде сотталды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →