×

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтер сыйлады

Сондай-ақ жеке бапкеріне қаржылай сыйақы берді

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырханға 2 бөлмелі пәтер сыйлады

Шымкент әкімдігі Әлем чемпионатының алтынын алып келген жерлестері Махмұд Сабырханға екі бөлмелі пәтер табыстап, жеке бапкеріне 5 миллион теңге қаржылай сыйақы берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов  Бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Махмұд Сабырхан мен жеке жаттықтырушысы Илияс Оралбековты қабылдады. 

Дүбірлі додада еліміздің құрамасы 4 алтын, 1 күміс медальмен толықты.  Бұл жеңісте  54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен шымкенттік сайыпқыранның үлесі зор. Спортшы ақтық бәсекеде өзбекстандық Айбек Джураевты екі мәрте нокдаунға жіберіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Жерлесіміз осыған дейін Куба, Гана, Үндістан мен Мажарстан спортшыларын жеңген болатын.

Мұрат Дүйсенбекұлы құрама қоржынына екінші алтынды салған спортшы мен оның жеке жаттықтырушысын құттықтап, алдағы Азия және Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі. 

Әлемдік аренада еліміздің абыройын асқақтатып, туымызды желбіреткен спортшыға 2 бөлмелі пәтер мен 5 млн  теңгенің сертификатын табыстады. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
700 мың теңгеге дейін: шілдеде еңбек биржасында ең көп жалақы кімдерге ұсынылды
Кеше, 09:58

700 мың теңгеге дейін: шілдеде еңбек биржасында ең көп жалақы кімдерге ұсынылды

Жалақысы көп жұмыстар кімдерге ұсынылғанын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады
Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →