×

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді

Пәтерлердің бірінің иесі тұрғын үйдің шатырына мезонин тұрғызған

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда тұрғын үйдің төбесіне заңсыз салынған ірі құрылыс сүрілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, сот шешімімен Құрманғазы көшесі, 145 мекенжайында орналасқан мезонин заңсыз деп танылды.

Пәтерлердің бірінің иесі тұрғын үйдің шатырына мезонин тұрғызып, қабылдау комиссиясының актісімен оны пайдалануға берген.

2021 жылдың 7 шілдесінде басқарма Алмалы ауданының сотына қабылдау комиссиясының актісін жарамсыз деп тану, құрылысты өз еркімен тану және меншік иесінің мезонинді өз есебінен бұзу міндеттемесі туралы талап арыз жолданды.

Іс бойынша сот талқылауы ұзаққа созылды, 2022 жылдың 7 желтоқсандағы қорытындысы бойынша Алматы қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды, басқарманың талаптары қанағаттандырылды.

«Соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін атқару парағы Әділет департаментіне жіберілді. Меншік иесі өз бетінше ғимаратты бұзуға кірісті»,- деп хабарлады басқармадан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда тазы және төбет ит тұқымдарын өсіру орталығы салынып жатыр
Кеше, 22:26

Жетісуда тазы және төбет ит тұқымдарын өсіру орталығы салынып жатыр

Орталықтың құрылысы барысымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысып қайтты
Қостанайда «Халықтық Конституция – ұлттық құндылықтар мен бірліктің айнасы» тақырыбында сараптамалық алаң өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →