×

Таныстарын жұмысқа алған «Өзенмұнайгаз» басшысы ұсталды

9 мыңнан астам адам компанияға жұмысқа тұруға кезекте тұр

Таныстарын жұмысқа алған «Өзенмұнайгаз» басшысы ұсталды
ашық дереккөзден

Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті лауазымдық өкiлеттiгін асыра пайдаланып, ауыр салдарға алып келді деген күдікпен «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының орынбасары Б.Мамбетсапаевты ұстады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Б. Мамбетсапаев лауазымдық мәртебесін пайдаланып, жұмысқа қабылдау туралы бекітілген қағидаларды өрескел бұзып, өзінің бірқатар таныстарын «Өзенмұнайгаз» АҚ-на заңсыз кіргізген.

Дегенмен Жаңаөзен қаласының 9 мыңнан астам тұрғыны аталған компанияға жұмысқа кіруге кезекте тұр.

Таныстарының жұмыссыз қатарында болмағанын, тиісті мамандыққа біліктігі сәйкес келмейтінін және жұмысқа мүлдем келмегенін Б. Мамбетсапаев анық білген.

Б. Мамбетсапаевтың заңсыз іс-әрекетінен мемлекетке 46 млн теңгеден астам залал келді.

Бұл Жаңаөзен қаласы тұрғындарының компанияға жұмысқа орналасу құқығының өрескел бұзылуына әкеп соққан.

Тергеу Б. Мамбетсапаевтың басқа да заңсыз әрекеттері, компанияның лауазымды тұлғалардың және мердігер мекемелердің бюджет қаражатын жымқыру фактілері тексеріліп жатыр.

Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы алтынын алды
Кеше, 10:21

Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы алтынын алды

Құрама сапында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай, Ольга Панарина өнер көрсетті
Бұл туралы Павлодар облысы полиция департаменті хабарлады
Әкімдік бағаны ұстап тұру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр дейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →