×

Алматы жолдарын тексерген мамандар бір жылда 356 ақау анықтады

Алматы жолдарынан алынған 1562 сынаманың 50%-ы талапқа сай болмады

Алматы жолдарын тексерген мамандар бір жылда 356 ақау анықтады
фото: «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» баспасөз қызметі

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» Алматы филиалының қызметкерлері қала көшелеріне 2022 жылы 500-ге жуық тексеріс жүргізген. Алматы жолдарынан алынған 1562 сынаманың 50%-ы талапқа сай болмады. Жыл басынан бері жол салушыларға қатысты 11 миллион теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды qaz365.kz мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылдың басынан бері ЖАҰСО Алматы филиалының мамандары қала жолдарына 500-дей тексеріс жасап, 1562 сынама алынды. Осы алынған сынаманың 795-і (50,9%) талаптарға сәйкес болмай шықты. Тексеріс барысында – 356 ақаулар анықталып, олардың – 132-і (37%) қайта түзетіліп, 224 ақаулық (63 %) – түзелуде.

ЖАҰСО Алматы филиалының директоры Мәулен Әліповтің айтуынша, анықталған ақаулықтардың негізгі түрлері:

1. Битум эмульсиясының болмауы, асфальт жамылғысының қалыңдығы сәйкес келмеуі, тығыздау коэффициентінің сәйкес келмеуі, жиектер мен лотоктардың бұзылуы, жұмыстарды жүргізу кезінде техникалық қадағалаудың болмауы;

2. Жер асты коммуникацияларын ауыстырғаннан кейін асфальтобетон жабынын қалпына келтіру жұмыстарын нормаға сәйкес жасалмауы;

3. Жер асты коммуникацияларын ауыстырғаннан кейін А/б жабындысын қалпына келтіру бойынша - (астарының болмауы, негізінің толық тығыздалмауы).

Аталған тексерулер нәтижесінде сапа орталығы ұсынысымен мердігер компаниялардың техникалық қадағалау қызметінің 2 аттестаты 6 айға тоқтатылды. Ал бір мердігерлік ұйым лицензиясынан айырылды. Айыппұл сомасы – 11 180 400 теңгені құрады. Атқарылған жұмыстар бойынша, олқылықтар жөнінде Алматы қаласының қала құрылысы басқармасына (ГАСК) 21 хат жолданды. Олардың 9-ына оң жауап, 10 хатқа теріс жауап келді. Ал 2 хатқа жауап күтілуде. Жыл басынан бері Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясымен бірлескен 4 рейд ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, ЖАҰСО Алматы қаласы бойынша филиалы «2000 мектеп» бағдарламасы бойынша ақпан айынан бастап Алматы қаласы мектептерінің ішінен 135 мектепке барып, 9-11 сынып оқушыларына жол саласы мамандығының ел дамуындағы маңызы мен ерекшеліктері туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, аталған мамандық иесі болуға шақырды.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты
Бүгін, 11:16

Арабша жазуы бар ерекше дизайндағы 1000 теңгелік монеталар айналымға шықты

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар
20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →