×

Қазақстан БҰҰ-ның діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының теңавторларына қосылды

Бұл шешім Еуропаның бірқатар елдерінде Қасиетті Құран өртеп, оны қорлау оқиғаларының тізбегі аясында қабылданды

Қазақстан БҰҰ-ның діни рәміздерді қорлауды айыптайтын қарарының теңавторларына қосылды
planeta.press

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы конфессияаралық диалогты дамытуға және өшпенділік тілмен күресуге бағытталған қарарды қабылдады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қабылданған қарарда дін немесе наным-сеніміне байланысты адамдарға қарсы зорлық-зомбылық әрекеттердің барлық түрлері айыпталады. Сонымен қатар құжатта діни рәміздерге, қасиетті кітаптарға, тұрғын үйлерге, жұмыс орындарына, мүліктерге, мектептерге, мәдениет үйлері мен ғибадат орындарына қарсы бағытталған кез келген әрекеттерді айыптауға назар аударылды”, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

БҰҰ қарарының мәтініне діни рәміздер мен қасиетті кітаптарға сілтемелерді енгізу туралы шешім Еуропаның бірқатар елдерінде Қасиетті Құран өртеп, оны қорлау оқиғаларының тізбегі аясында қабылданды.

Қазақстан БҰҰ-ға мүше басқа 47 елмен бірге бұл қарардың теңавторы болды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →