×

«Сергекпен» бірге қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты бақылайтын ZEREK-2 аппараттық кешені іске қосылады

Бүгінгі таңда «ZEREK-2»  6 автожолда жұмыс атқаруға дайын

«Сергекпен» бірге қала сыртындағы жолдарда жылдамдықты бақылайтын ZEREK-2 аппараттық кешені іске қосылады
profit.kz

Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша бақылауды күшейту мақсатында ІІМ Автомобиль жолдары комитеті мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бірлесіп, жылдамдық режимін асырған автокөліктерді тіркеу үшін қала сыртындағы жолдарда камераларды пайдалану жөніндегі жүйені іске қосады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілішсі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«33 «ZEREK-2» бағдарламалық-аппараттық кешені әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі жүйесімен интеграцияланған, яғни нұсқамаларды құқықбұзушыларға жіберу автоматты режимде жүзеге асырылатын болады. Бүгінгі таңда «ZEREK-2» Шымкент – Қызылорда, Шымкент – Өзбекстан шекарасы, Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Қонаев – Талдықорған және Астана – Павлодар автожолдарында жұмыс атқаруға дайын. Осындай бағдарламалық кешен Көкшетау – Астана тасжолында бұрын іске қосылған болатын және жолдағы құқық бұзушылықтарды тіркеуде жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр», – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.

Жеті айда еліміздің жолдарында жеті мыңға жуық жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 1 200-ден астам адам қаза тауып, 8 500-ге жуық адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

Оның ішінде жылдамдық режимін сақтамау салдарынан қала сыртындағы трассаларда 730 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 300-ден астам адам қаза тауып, 1200-ден астам адам зардап шекті.

«Жоғарыда аталған жолдарда 25 тамыз сағат 00:00-ден бастап «ZEREK-2» кешені штаттық режимде жұмыс атқаратын болады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық жүргізушілерден жылдамдық режимін және автокөліктер арасындағы қашықтықты сақтауды сұраймыз. Сіздің өміріңізден маңызды ештеңе жоқ!» – деді Ақтоты Боранова.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →