×

Алматылық Расул Ахметов: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақ тілін дәріптеумен келеді»

Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақ тілін дәріптеумен келеді

Алматылық Расул Ахметов: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – қазақ тілін дәріптеумен келеді»
жеке мұрағаттан

Еліміздің тұрақтылығы мен ұлтаралық татулығының символына айналған – Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысы дүниежүзі жұршылығына үлгі. Ынтымақ пен бірліктің, тұрақтылық пен конституциялық-құқықтық  заңнамаға сай әрбір этностың ерекшелігін сақтай отырып, бір ортақ мүдде мен мақсатқа жұмылдырылған мемлекет басшысының стратегиясы – ұлт болып ұйысып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын, елдігі мен ауызбіршілігі жоғалмаған мемлекет болуымызға даңғыл жол ашты.

Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір этностың басын қосып, бір ортақ мүдде мен мақсатқа жұмылып жұмыс істейтіні көңіл қуантады. Елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этностың мәдениетін тануға, достығын нығайтуға, ең бастысы – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған түрлі шаралар мен семинарлар Қазақстан халқы Ассамблеясының ұлттық сананы қалыптастыру мен жаңғыртуда қыруар жұмыстар атқарып жатқандығынан хабар береді. Мұны түрік мәдени орталығының төраға орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ахметов Расул Сурмалиұлы да жоққа шығармайды.Qaz365.kz тілшісі Расул Сурмалиұлымен тілдесті. 

 

«Этномәдени орталықта қызмет етіп жатқаныма 25 жылдай уақыт болды. 2014 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған «Жастар қанаты» бірлестігінде төрағалық еттім. Қазірдей жаһандану заманында жастардың сана-сезімін патриоттыққа үндеу үшін «Ассамблея жастары» деген ұйымымызда Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 1500-ден астам белсенді еріктілер Ассамблеяның барлық жұмыстарына бір кісідей жұмылып, жаңаша форматта семинарлар мен әлеуметтік желілерде түрлі акциялар ұйымдастырып, мәселелерді көтеріп қана қоймай, оның шешімін табуға мұрындық болып жүргендері көңіл қуантады», – дейді ол.  


Айта кетейік, Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен тіл үйренушілерге арналған қазақ тілі курсына былтыр 500-ге тарта адам дәріс алған. Ал мемлекеттік тілді арнайы авторлық әдістеме бойынша оқытып жүрген Оксана Нәбиева – «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Өзге ұлт өкілінің қазақ тілін жетік меңгеріп қана қоймай, өзіндік ерекше методикасымен қысқа мерзім ішінде тіл үйренушілерге дәріс өткізіп, қазақ тілінің әдебиеті мен мәдениетін, тарихы мен дәстүрін дәріптеп жүргені құптарлық іс. Қазақстан халқы Ассамблеясының осыған қатысты жобалары – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жиі көтеріп жүрген жалпұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді дамытуға бағытталғанынан көрініс береді. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының: «Бізге тиімді жұмыс істеуге және сапалы әрі сұранысқа ие өнімді ұсынуға қабілетті сараптамалық-талдау орталықтарының қуатты желісі қажет. Бұл біздің мемлекетіміздің идеологиялық егемендігін сақтау үшін ерекше маңызға ие. Тек кешенді зерттеулер мен тексерілген ұсынымдарға негізделген саясат сәтті болады», – деген 2023 жылғы 27 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясында сөйлеген сөзі этносаралық саладағы мемлекеттік саясаттың ғылыми негізделген оңтайлы тәсіліне ерекше басымдық беріліп отырғанын аңғарамыз. 


Түрлі этностардың басын біріктіріп, біртұтас қоғамды құруға күш салып отырған Қазақстан үшін – Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары шаш-етектен. Себебі әрбір шара этносаралық қатынастарды нығайтуға, медиация мен құқықтық белсенділікті дамытуға, сондай-ақ экономикалық өсуді ынталандыруға негізделген үйлесімді қоғам құруға шақырады. Бүгінгідей бейтіт де мамыражай күн кешуіміз  – Президентіміз Қ.Тоқаевтың жылдар бойы озық тәжірибесі мен сарабдал саясатының, тиімді стратиялық жобаларының нәтижесінде тұрақтылығымыз пен жасампаздығымыздың өзге елдер тамсанып, таңғалып қарайтын деңгейге көтерді. Қазақстандағы жалпұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің маңызды институты – Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлт бірлігін нығайтып, қазақстандық патриотизмді дамытуға барын салып келеді. 
25 жыл Ассамблея жұмысының басы-қасында жүрген түрік мәдени орталығының төраға орынбасары, Расул Сурмалиұлы бүгінде қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге Қазақстан халқы Ассамблеясы түрлі этнос өкілдер мен үйренушілерге басымдық беріп отырғанын айтады.

«Достық үйінде этносаралық келісімді нығайту мен ортақ құндылыққа біріктіру негізінде түрлі шаралар өтеді. Олардың дені – қазақ тілін дамытуға бағытталған. Біздің атқарып жатқан жұмыстарыңыздың барлығы дерлік мемлекеттік тілде өтеді. Айталық, біздің қазақ тілі курсымызға биыл 241 адам тіл үйренуде. Олар онлайн режимде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде бейнесабақтар арқылы тиімді методикамен үйреніп жүр.Жуырда ғана Қазақстан халқының тілдер күні және «Алаш қозғалысының қайраткері ақын М.Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған іс-шара өткіздік. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы қаласындағы Достық үйі, М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институы, ЮНЕСКО қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық орталығы сынды түрлі мемлекеттік мекемелер атсалысты.  Бүған «Ассамблея жастары», этномәдени бірлестіктерінің жастар қанаттарының өкілдері, жас ғалымдар қатысты. Әр мәдени орталық Қазақстандағы қоғамдық келісімді дамытуды мақсат еткендіктен, қазақтың мәдениеті мен дәстүрін дәріптеуге барын салуда», –  дейді ол.


Айта кетейік, күні бүгінге дейін Алматы қаласында орналасқан Достық үйінде этномәдени бірлестіктермен және ҚХА-ның басқа да серіктестерімен 29-дан аса іс-шара өткізілген. Соның ішінде «Әртүрліліктегі бірлік» деген атаумен өткен Алматы семинары көптеген этнос өкілдерінің басын қосып, татулық пен ынтымақты нығайтуға серпін бергені еді. Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылған Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шара мен этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік кеш көптің көңілінен шықты. Жас-кәрі демей, түрлі этностардың өз жұмыстарын аса жауапкершілікпен құлшына істейтіндері көпке үлгі. Бұл жайында түрік мәдени орталығының төраға орынбасары, Расул Сурмалиұлы былай дейді:

«Ассамблеяда «Ақсақалдар кеңесі» бар. Олар жас ұрпақтың сана-сезімін отансүйгіштікке баулып, ұлттық құндылығымызды дәріптеуде орасан зор үлес қосуда. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман «SOS» балалар ауылының тәрбиешілерімен тұрақты түрде кездесулер өткізіп тұрады. Біз де өз тарапымыздан өскелең ұрпақтың арасында бауырмашылдық, бірлік болсын деген ниетпен ауыл-аймақтарға барып, президентіміздің Жолдауларының ең басты қағидатын түсіндіріп, этномәдени бірлестікте ортақ жобалар мен игілікті істер шақыруға үндейміз. Ассамблея ұйымдастыратын қайырымдалық акцияларға кәсіпкерлерді де тартып, республикалық, халықаралық деңгейде семинарлар ұйымдастырып келеміз. «Ұлт денсаулығы» атты ұлттық жоба аясында Қазақстан халқының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері үшін «Белсенді ұзақ өмір сүру» тақырыбымен геронтология бойынша семинар өтті. Бұл қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, тілі мен дәстүріне өзіндік үлес қосып, жаңғыртамын деген мақсатпен жұмыс істейтін Ассамблея мүшелері мен түрлі этностар үшін аса қажет әрі пайдалы шара болды», – дейді ол.


Расында да этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған осындай шаралардың тұрақты өтуі құптарлық іс. Өйткені бұл бейбіт те гүлденген мемлекетімізге тың идеялар әкелетін, стратегиялық озық тәжірибе мен шешімдер шығаруға жаңаша серпін береді десек, артық айтқандығымыз емес.
Көпэтносты Қазақстан үшін жалпыұлттық бірлік пен келісім – маңызды рөл атқарады. Себебі Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлт бірлігін нығайту мен ортақ құндылықтар негізінде түрлі этностардың басын қосып, әлем жұртшылығына үлгі болып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейту мақсатында этносаралық қарым-қатынас тілі ретінде насихаттап қана қоймай, оны ілгерілету мәселелеріне мен мүмкіндіктеріне басымдық беретіндіктеріне қарап, сүйсінбеу мүмкін емес. Мемлекеттік тілді дамытуды ғана көздеген Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен ұжымының алдағы істеріне сәттілік тілейміз. 
Жұлдыз Әбіл

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →