×

Балабақшада 3 жасар сәби қайтыс болды

Оқиға 13 қыркүйек күні болған

Балабақшада 3 жасар сәби қайтыс болды
dzen.ru

Алматы облысында 3 жасар сәби балабақша аумағындағы кәріз құдығына құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленовтің айтуынша, қайғылы оқиға 13 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында болған.

«Еңбекшіқазақ ауданының Полиция басқармасына Қырбалтабай ауылындағы балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлағаннан кейін ауылдық ауруханада 3 жасар баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама келіп түсті», - деді облыстық ПД басшысы.

Аталған дерек ҚР ҚК 141-бабының 2-бөлігі бойынша (балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) полицияда тіркелді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу барысын мен жеке бақылауыма алдым», - деді Б. Әленов.

 

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді
Бүгін, 11:38

Алматыда Отан қорғаушы күніне орай Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді

Сондай-ақ қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →