×

Тележүргізуші Динара Сәтжан қамаудағы Михаил Козачковқа араша сұрады

Ол М.Козачковты жиырма жылдан бері танитынын айтты

Тележүргізуші Динара Сәтжан қамаудағы Михаил Козачковқа араша сұрады
Фото: stan.kz

Динара Сәтжан Президенттен екі айға қамауға алынған журналист Михаил Козачковты босатуды сұрады, деп хабарлайды qaz365.kz 

Ол М.Козачковты жиырма жылдан бері танитынын айтты. Ол бұл туралы өзінің инстаграм  парақшасында жазды.

 

 

“Біз ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде бір топта 5 жыл бірге оқыдық. Ол шындық үшін шырылдап, әділдік үшін күресетін. Оның Telegram-дағы каналына 90 мың адам жазылған. Оның 70%-ы елордамыздың сол жақ жағалауында тұратын шенеуніктер. Ол жемқорлық туралы жазуға қорықты деп ойлайсыздар ма? Менің ойымша, жоқ. Михаил өз ісінің маманы. Ол заңды жақсы біледі. Сондай-ақ, ол өзін аңдып, бақылап отыратын адамдардың барын жақсы түсінетін”, – дейді Динара Сәтжан.

Тележүргізушінің айтуынша, оны ашық түрде қорқытқандар да табылған.

“Жазда Михаилдің автокөлігін зақымдап кетті. Оны отбасымен қорқытты. Иә, ол көп адамға кедергі болды. Бірақ танымал журналистті рейдерерлік жасады, онсыз да бәріне қолжетімді мемлекеттік құпияны таратты деп айыптап, түрмеге тоғыту – әділетсіздік. Сот әділ өтеді деп сенемін. Ал Елбасымыздан Михаил Козачковты үйқамаққа шығаруды сұраймын. Ол қоғамға еш қауіп төндірмейді. Ол кісі өлтіруші емес. Педофил, зорлаушы емес. Ол журналист. Оның қаруы – шындық. Ащы, бірақ шындық! Болмаса, Қазақстандағы журналистік зерттеуден бас тартайық”, – деп жазды ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →