×

Шешім ұшақтың есіктері жабылғанға дейін қабылданды. Air Astana қызметкері эвакуация жұмысы туралы айтты

Ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. Рейс кесте бойынша елге аман-есен жеткен

Шешім ұшақтың есіктері жабылғанға дейін қабылданды. Air Astana қызметкері эвакуация жұмысы туралы айтты
коллаж Qaz365.kz

 Air Astana әуе компаниясының бас ұшқышы Олег Колесников журналистерге Тель-Авивтен Алматыға азаматтарды эвакуациялаған ұшақ рейсі туралы айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Оның мәліметінше, ешқандай төтенше жағдай тіркелмеген. Рейс кесте бойынша елге аман-есен жеткен. 

«Жолаушылар елге жеткеніне қуанышты деп үміттенемін. Біраз нәрсені атап өткім келеді: жерүсті қызметтері, ұшу қызметі және инженерлік құрам тарапынан ұйымдастыру жұмыстары жоғары деңгейде болды. Ұшқыштар мен бортсеріктердің азаматтық ұстанымын да атап өткен жөн. Олар осындай қақтығыс болып жатқан аймаққа ұшуға келісті, бұл ерікті түрде жасалды. Тәуекелдер барынша азайтылды. Ұшу жұмыстарының дайындығына бір күн кетті. Қолдан келгеннің бәрі жасалды. Шешім ұшақтың есіктері жабылмай тұрып қабылданды», - деді Олег Колесников.

Айта кетейік, палестиналық ХАМАС тобы сенбі күні Израильге шабуыл жасады. Салдарынан Израиль соғыс жағдайына енгені хабарланды. Соңғы дерек бойынша, 700-ден астам адамды өлтірген. Қазіргі кезде бірқатар мемлекет Израильден азаматтарын эвакуация жұмыстарын ұйымдастырып жатыр.

11 қазанда түнде Израильдің Тель-Авив қаласынан арнайы рейспен 166 жолаушы Алматыға ұшып келді. Оның ішінде 124-і – Қазақстан азаматы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →