×

Динара Сәдуақасова қолдаушыларына алғыс білдірді

Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жылдам шахматтан (рапид) 2022 жылғы вице-чемпионы атағын иеленген болатын

Динара Сәдуақасова қолдаушыларына алғыс білдірді
фото: ашық дереккөзден

Динара Сәдуақасова әйелдер арасында жылдам шахматтан (рапид) 2022 жылғы вице-чемпионы атағын иеленген болатын. Ол  парақшасында өзін қолдағандарға  алғыс білдірді,  деп хабарлайды qaz365.kz 

“Достар, кеше әйелдер арасында жылдам шахматтан 22-ші әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс 26-28 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтті.

Нәтижесінде турнирдің вице-чемпионы атанғанымды қуана сүйіншілеймін. Мен Қытай, Үндістан, Ресей және басқа да дәстүрлі шахмат елдерінің намысын қорғайтын әлемнің үздік спортшыларымен ойнауға мүмкіндік алдым.

Жарыс қиын әрі тартысты өтті. Турнир қашықтығы – 11 ойыннан кейін мен және Қытайдан шыққан бұрынғы Әлем чемпионы Тань Чжунъи тең ұпай жинадық. Ал тай-брейктің соңында мен одан жеңіліп қалдым.

Бір жыл бойы алаңға шықпағанымды ескерсек, әлем чемпионатының «күмісі» лайықты нәтиже деп есептеймін.

Мені қолдап, ойындарымды бақылап, жылы лебіздерін жазып, жанымда жүрген барша жандарға алғысымды білдіргім келеді. Сіздердің шексіз сенімдеріңіз бен тілектестіктеріңіз үшін. Көп Рахмет”, – деп жазды өз парақшасында

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты
Кеше, 13:35

Алматылықтардың коммуналдық қарызы 2 млрд теңгеден асты

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС қала тұрғындарын жауапкершілік танытуға, қарызды жинамай, жылумен жабдықтау қызметін уақытылы төлеуге шақырады
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Сабыржан Кәрімов Перизат Қайраттың сотты жабық өткізу жөнінде өтінішін қарап, шешім шығарды
Санаулы сәттерден кейін Перизат Қайраттың соты басталады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →