×

Ринат Зайытов министрдің немесе әкімнің балаларын әскерге алуды міндеттеуді сұрады

Ол Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа сұрақ қойды

Ринат Зайытов министрдің немесе әкімнің балаларын әскерге алуды міндеттеуді сұрады
коллаж: Qaz365.kz

Бүгін Мәжілісте әскери резерв жасақ үшін екі мың адамды жыл сайын әскери дайындықтан өткізуді көздейтін заң жобасын толықтыру мәселесі талқыланды. Депутат Ринат Зайытов министрдің немесе әкімнің балаларын әскерге алуды міндеттеуді сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовқа сұрақ қойды.

«Министр мырза, статистикаңызда әскерге 90 пайыз жастар ауылдан келетінін айттыңыз. Мен осы уақытқа дейін, қателесуім де мүмкін, бірақ министрдің немесе әкімнің баласы әскерде жүр дегенді естімеппін. Осы заң аясында жоғары лауазымды тұлғалардың не өздерін немесе балаларын екі айлық әскери дайындыққа міндеттейтін норма қарастыруға бола ма?» – деді Ринат Зайытов.

Министр өз кезегінде бір мысал келтірді. Бұрынғы Ішкі істер министрі, генерал-полковник Қалмұхамбет Қасымов екі немере бауырын әкеліп, кәдімгі солдат болып әскери борышын өтеуге жіберген көрінеді. 

«Құрметті сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы «престижді» мектепті бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметке солдат болып қызмет етуге барды. Десант болды. Қазір АҚШ-тағы әскери оқу орнында курсант. Бұл мысал емес пе? Сол себепті «министрлер мен әкімдердің, депутаттардың ұлдары әскери борышын өтейтіндей жеке норма қарастырудың маңызы жоқ. Заң бәріне ортақ. Бұл нормаға келгенде бәріміз алдымен сұрақты өзімізден бастайық», – деп жауап берді Руслан Жақсылықов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →